«Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды, инженерлік қару-жарақ құралдарымен қамтамасыз ету, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 294 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 934 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды, инженерлік қару-жарақ құралдарымен қамтамасыз ету, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 294 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдері мен әскери оқу орындарын жеке броньды қорғау, белсенді қорғаныс, арнайы операцияларды, инженерлік қару-жарақ құралдарымен қамтамасыз ету, күзеттің техникалық құралдарымен, жарылғыш заттармен және жару құралдарымен жабдықтаудың заттай нормалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;