2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 217 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. 2022-2023 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 23 қарашадағы
№ 217 қаулысына 1- қосымша
2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік, білімі бар кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Білім беру саласының коды және сыныпталуы | Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы | 2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі | Оқу жылына бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге) күндізгі оқыту |
| қала | ауыл |
| 1 | 01 Білім | 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 225 | 430,9 | 477,5 |
| 01130200 Қосымша білім беру | 50 | 430,9 | 477,5 |
| 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 325 | 430,9 | 477,5 |
| 01140300 Көркем еңбек | 25 | 430,9 | 477,5 |
| 01140500 Дене тәрбиесі және спорт | 140 | 430,9 | 477,5 |
| 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 175 | 430,9 | 477,5 |
| 01140800 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша) | 25 | 437,3 | 483,9 |
| 2 | 02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | 02130100 Кескіндеме, мүсін және графика (түрлері бойынша) | 27 | 1373,3 | 1603,9 |
| 02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 22 | 1332 | 1562,6 |