«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 Қаулысы
(2019.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2020 жылға мынадай:
1) кірістер - 11 206 484 096 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер бойынша - 7 960 584 715 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 121 320 478 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4 497 700 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 3 120 081 203 мың теңге;
2) шығындар - 12 472 234 598 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 196 473 831 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 306 167 753 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 109 693 922 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо -135 898 818 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 135 898 818 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -1 598 123 151 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 2,1 пайыз;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -5 317 499 751 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 7,1 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 1 598 123 151 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің басым республикалық бюджеттік инвестицияларының тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін);