Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 736 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 180 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен Қостанай облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Ә. Смайылов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 29 тамыздағы
№ 736 қаулысымен
бекітілген
Қостанай облысының Жітіқара қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың
2023 - 2027 жылдарға арналған
кешенді жоспары
Жітіқара қаласы - Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде облыс орталығы Қостанай қаласынан 220 километр қашықтықта орналасқан аудан орталығы. Өңірдің экономикалық-географиялық жағдайы қолайлы. Ресей Федерациясы Челябі облысы Бредин ауданының шекарасына дейінгі қашықтық 23 километрді құрайды.