Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 18-113 шешімі
Жетісу облыстық мәслихатының 2026 жылғы 5 ақпандағы № 34-205 шешімімен күші жойылды
Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісу облыстық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы № 4-31 «Жетісу облысының әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183252 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | С. Шенгелбаев |
Жетісу облыстық мәслихаты
2024 жылғы 16 шілдедегі
№ 18-113 Шешіміне қосымша
Жетісу облысының әлеуметтiк маңызы бар қатынастардың
тізбесі
1. Текелі қаласы:
1) № 6 шеңбер - «Текелийский энергокомплекс» ЖШС - Қонаев көшесі - «Жетісу облысының денешынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Текелі қаласының олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) № 3 шеңбер - «Текелі қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 3 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Текелі қаласы әкімінің қалалық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны - орталық базар.
2. Қаратал ауданы:
1) № 1 Бастөбе ауылы, Юн көшесі - Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі;
2) № 2 Үштөбе қаласы, Мартынов көшесі - Үштөбе қаласы, Нұрмұхамбетов көшесі.
3. Талдықорған қаласы:
1) № 3 «Самал» шағын ауданы - «Қызыл тас» саяжайлары;