ҚР СТ ISO 3834-4-2015
Металл материалдарды балқыту арқылы дәнекерлеу сапасына қойылатын талаптар
4-бөлім. Сапаға қойылатын қарапайым талаптар
(ISO 3834-4:2005 «Quality requirements for fusion welding of metallic materials. Part 4:
Elementary quality requirements», IDT)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. ISO 3834 осы бөлігін қолдану
5. Талаптарды шолу және техникалық тексеру
6. Қосалқы мердігер
7. Дәнекерлейтін мамандар
8. Бақылау мен сынауға арналған мамандар
9. Қондырғы
10. Дәнекерлеу және ұқсас әрекеттер
11. Дәнекерлеу материалдары
12. Бақылау және сынау
13. Сәйкес келмеушілік және түзету әрекеттері
14. Сапа бойынша есептемелер
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт ашық аудандар және/немесе цехте металл материалдарды балқыту арқылы дәнекерлеу сапасына қойылатын қарапайым талаптарды белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынандай сілтемелі құжаттар қажет. Күні көрсетілген сілтемелер үшін сілтеме нормативтік құжаттың көрсетілген басылымы, ал күні көрсетілмеген сілтеме үшін сілтеме нормативтік құжаттың соңғы басылымы (барлық өзгерістерді қосқанда) қолданылады.
ISO 3834-1:2005 Quality requirements for fusion welding of metallic materials - Part 1: Guidelines for the selection of the appropriate level of quality requirements (Металл материалдарды балқыту арқылы дәнекерлеу сапасына қойылатын талаптар. 1-бөлім. Сапаға қойылатын талаптардың сәйкес деңгейін таңдау белгілері).
ISO 3834-5:2015 Quality requirements for fusion welding of metallic materials - Part 5: Documents with which it is necessary to conform to claim conformity to the quality requirements of ISO 3834-2, ISO 3834-3 or ISO 3834-4 (Металл материалдарды балқыту арқылы дәнекерлеу сапасына қойылатын талаптар. 5-бөлім. ISO 3834-2, ISO 3834-3 немесе ISO 3834-4 стандарт талаптарын орындауға арналған нормативтік сілтемелерден тұратын құжаттама).
3. Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта ISO 3834-1 бойынша терминдер қолданылады.
4. ISO 3834 осы бөлігін қолдану
ISO 3834 стандарттың осы бөлігін қолдану бойынша жалпы мәліметтер ISO 3834-1 бар.
Осы стандарт талаптарын орындау үшін ISO 3834-5 келтірілген құжаттарға сәйкестігін тексереді.
Осы стандарт талаптарын толығымен орындайды.