Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 104 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 445 бұйрығына:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
«Талтенов Абзал Ахатұлы - X. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры» енгізілсін;
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
«Баймырзаев Қуат Маратұлы - I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры» енгізілсін;
көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамынан М.К. Ибатов шығарылсын;
көрсетілген бұйрыққа 12-қосымшада: