Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө Өкімі (2022.28.01. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 18 декабря 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 марта 2022

Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөнінде ведомствоаралық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 141-ө Өкімі

(2022.28.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 47-ө өкімімен күші жойылды

 

«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығына сәйкес және Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында:

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

 

 

Премьер-Министр

К. Мәсімов

 

ҚР Премьер-Министрінің 2016.29.09. № 90-ө өкімімен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2015 жылғы 18 желтоқсандағы

№ 141-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстанның су ресурстарын басқару мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес Қазақстанның су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында құрылды.

3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

5. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.

 

 

2. Кеңестің міндеттері

 

6. Кеңестің міндеті:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами