2023-2025 жылдарға арналған Деркөл кентінің бюджеті туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 22-6 шешімі
(2023.18.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 8 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Орал қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2023.18.08. № 4-6 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2023-2025 жылдарға арналған Орал қаласының Деркөл кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 541 886 мың теңге:
салықтық түсімдер - 34 651 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 18 401 мың теңге;
трансферттер түсімі - 488 834 мың теңге;
2) шығындар - 565 075 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 23 189 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 23 189 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 23 189 мың теңге.
2. 2023 жылға Деркөл кентінің бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне сәйкес қалыптастырылады.
3. 2023 жылға Деркөл кентінің бюджетінде қалалық бюджеттен берілетін субвенциялар көлемінің жалпы сомасы 305 647 мың теңге түсімдері қарастырылғаны ескерілсін.