2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8/74-VI шешімі
Осы редакция 2017 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 400 379 846 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 31 364 477 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 257 696 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 000 мың теңге;
трансферттер түсiмi - 368 753 673 мың теңге;
2) шығындар - 396 652 456 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 3 933 829 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 5 793 712 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 859 883 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 604 240 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 604 240 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 810 679 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 810 679 мың теңге.
2. 2017 жылға жеке табыс салығы және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы, төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;
облыстық бюджетке аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша Шымкент қаласынан басқа аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 100 пайыз;