Қарақия ауданына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 16 Қаулысы
(2023.30.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Төретаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарақия ауданының әкімі | К. Беков |
Қарақия ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 26 қаңтардағы
№ 16 қаулысымен бекітілген
Қарақия ауданына бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер