Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 12/169-VIII шешімі
(2025.19.10. берілген өзгерістермен)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 37/391-VI «Түркістан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы | А. Салимов |
Түркістан облыстық мәслихатының 2025.26.09. № 18/250-VIII шешімімен тәртібі мен мөлшері жаңа редакцияда (2025 ж. 19 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Түркістан облыстық мәслихаты
2024 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 12/169-VIII Шешімге қосымша