«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аппарат басшысының 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 136 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестері туралы ереженің 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы Әдеп жөніндегі кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Аппарат басшысының м.а. 2019 жылғы 14 тамыздағы № 146 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Бұйрыққа 2 - қосымшада:
Агенттіктің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің құрамына:
| Сағынғанов Еркебұлан Алтынбекұлы | - Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы; |
| Дүйсенова Айгүл Егізбаевна | - «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті енгізілсін; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Ә.Қ. Мырзалин, Н.С. Қалауов, С.М. Қалдығұлова, М. Мұхамбетов шығарылсын;
2) Бұйрыққа 10 - қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | Б. Бақтыгереев |
Қазақстан Республикасының