Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № А-5/208 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № А-2/54 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ж. Ж. Нұркеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Е. Маржықпаев |
Ақмола обласы әкімдігінің
2019 жылғы 6 мамырдағы
№ А-5/208 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін қаулыларының
тізбесі
1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/273 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4885 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
««Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.