Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығы
(2025.21.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2025.03.10. № 1373 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қорғаныс министрінің 2022.29.11. № 1144 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 17 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 11-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қорғаныс министрінің 2025.03.10. № 1373 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.