«Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 15 ақпандағы № 21 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 7-1/1130 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 802 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12636 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ірі қара малдарды (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ұсақ малдарды (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес құстарды (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес шошқаларды (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан аз) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
7) осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес балық және балық өнімдерін дайындауды және өңдеуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
8) осы бірлескен бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаны жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
9) осы бірлескен бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес етті, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
10) осы бірлескен бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жануарларды союды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
11) осы бірлескен бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес азықты және азықтық қоспаларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
12) осы бірлескен бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;;
13) осы бірлескен бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес сүтті өңдеуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
14) осы бірлескен бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
15) осы бірлескен бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес бал және балара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;;
16) осы бірлескен бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
17) осы бірлескен бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
18) осы бірлескен бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес жануарларды ғылыми мақсаттарда күтіп-бағу мен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
19) осы бірлескен бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес азықты және азықтық қоспаларды сақтау мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
20) осы бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес зообақтарға, зоодүкендерге және цирктерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
21) осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысы тексеру парақтары;
22) осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттар үшін дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
23) осы бірлескен бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды өңдіруді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
24) осы бірлескен бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес ветеринариялық анықтаманы беруді жүзеге асыратын жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қатысты ветеринария саласындағы тексеру парағы;
25) осы бірлескен бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты жіберілген хабарламалар бойынша талптарға сәйкестігін тексеру парағы;
26) осы бірлескен бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты жіберілген хабарламалар бойынша талптарға сәйкестігін тексеру парағы;
27) осы бірлескен бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты жіберілген хабарламалар бойынша талптарға сәйкестігін тексеру парағы;
28) осы бірлескен бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды өндіпуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты жіберілген хабарламалар бойынша талптарға сәйкестігін тексеру парағы;
29) осы бірлескен бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес ветеринариялық анықтама беруді жүзеге асыратын, жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлеріне қатысты жіберілген хабарламалар бойынша талптарға сәйкестігін тексеру парағы;
30) осы бірлескен бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына қатысты ветеринария саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағы;
31) осы бірлескен бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру парағы бекітілсін.»;
осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшалар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 және 31-қосымшаларға сәйкес 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30 және 31-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. | Т. Жаксылыков |
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | Е. Карашукеев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 21 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2023 жылғы 15 ақпандағы
№ 62 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 7-1/1130 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 802 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринария саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежесіне жатқызу және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына, жіберілген хабарламала бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру (бұдан әрі – талаптарға сәйкестігін тексеру) және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын объектілерді пайдаланатын, оның ішінде жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды өндірумен, дайындаумен (союмен), сақтаумен, пайдаланумен, өңдеумен және өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға, ветеринариялық анықтаманы беруді жүзеге асыратын, жануарлардың және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлері;
2) болмашы бұзушылық – Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген, жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты орналастыруға, жасақтауға орнын ауыстыруға қойылатын талаптарды бұзу, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;
3) елеулі бұзушылық – жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда үй-жайлардың болуына; мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін түсіруге (қабылдауға), өндіруге (дайындауға), сақтауға, өткізуге, кәдеге жаратуға, жоюға; ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге; ветеринария саласындағы функцияның орындалуына; ветеринариялық есепке алу мен есептіліктің, ветеринариялық құжаттарды есепке алудың мерзімдерін бұзуға және берудің толықтығына қойылатын Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу;
4) өрескел бұзушылық – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке алып келетін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу, жануарлар мен адамдардың улануына алып келетін ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамау, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыруға, сынамаларды іріктеуге қойылатын талаптарды сақтамау, ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізбеу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізбеу, шағымдар мен өтініштердің болуы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринария саласындағы талаптарын бұзу;
5) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттік мүліктік мүдделеріне оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау және қадағалау субъектінің (объектінің) тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштер жиынтығы;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
9) тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
4. Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
2-тарау. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
5. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
6. Бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қойылатын ветеринария саласындағы объективті өлшемшарттарды айқындау адамның өмірі немесе денсаулығы, қоршаған орта, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделері үшін қолайсыз оқиғаның туындау мүмкіндігі бойынша тәуекелді айқындау арқылы жүзеге асырылады.
7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі жоғары бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мыналар жатады:
1) ірі қара малды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субектілер;
2) ұсақ малды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субектілер;
3) құстарды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субектілер;
4) шошқаларды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субектілер;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан аз) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субектілер;
6) балық және балық өнімдерін дайындау мен өңдеуді жүзеге асыратын субектілер;
7) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары;
8) етті, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын субектілер;
9) жануарларды союды жүзеге асыратын субектілер;
10) сүтті өңдеуді жүзеге асыратын субектілер;
11) ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субектілер.
8. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі орташа бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мыналар жатады:
1) азықты және азықтық қоспаларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субектілер;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;
3) бал және балара шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер.
9. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі төмен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мыналар жатады:
1) ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
3) ғылыми мақсаттарда жануарларды күтіп-бағу мен өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
4) азықты және азықтық қоспаларды сақтау мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
5) зоопарктер, цирктер, зоодүкендер;
6) дезинфекция, дезинсекция, дератизация және дегельминтизация жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер;
7) ветеринариялық мақсаттар үшін дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді жүзеге асыратын субъектілер;
8) жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралы ретінде пайдаланылатын ветеринариялық препараттарды өндіруді жүзеге асыратын субъектілер;
9) ветеринариялық анықтаманы беруді жүзеге асыратын жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлері.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) дерекқорларды қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
11. Дерекқорларды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік және мәліметтер мониторингі нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері;
3) бақылау және қадағалау субъектінің кінәсынан туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы (жануарлардың инфекциялық, паразиттік ауруларының туындауы, жануарлардың кенеттен және жаппай қырылуы);
4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);
6) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының, бұқаралық ақпарат құралдарының талдауы;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына және жіберілген хабарламала бойынша талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
2) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.
12. Ірі қара малды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.
Ұсақ малды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 2-қосымшада келтірілген.
Құстарды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 3-қосымшада келтірілген.
Шошқаларды өсіру (1000 шартты бастан бастап және одан жоғары) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 4-қосымшада келтірілген.
Ауыл шаруашылығы жануарларын (1000 шартты бастан аз) өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 5-қосымшада келтірілген.
Балық және балық өнімдерін дайындау мен өңдеуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 6- қосымшада келтірілген.
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 7-қосымшада келтірілген.
Етті, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын субъектілерге қатысты ветеринария саласындағы субъективті өлшемшарттар осы Өлшемшарттарға 8-қосымшада келтірілген.