2025 жылға пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 140 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагентердің (энтомофагтардың) тізбесі және субсидиялар нормалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2025 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облысының әкімі | М. Султангазиев |
Алматы облысы әкімдігінің
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 140 қаулысына 1-қосымша
2025 жылға арналған пестицидтерге, биологиялық агенттерге (энтомофагтарға) 1 литрге (килограмм, дана) берілетін субсидиялардың тізімі мен нормалары
| № | Пестицидтің түрі | Белсенді зат | Субсидия нормасы | Өлшем бірлігі |
| 1 | ******ЯКУДЗА, суда диспергирленетін түйіршіктер | ацетамиприд, 400 грамм/килограмм | 11161 | килограмм |
| 2 | *****САНСЭР КОМБИ, суспензиялық концентрат | тебуконазол, 337 грамм/литр + флутриафол, 78 грамм/литр + клотианидин, 73 грамм/литр | 8594 | литр |