Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған Операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысының 2025 жылғы 7 наурыздағы № 37 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппарат басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 207 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған Операциялық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары:
1) жоспарда көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) тоқсан сайын өз құзыреті шегінде мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін Жоспардың орындалуы туралы ақпаратты Министрліктің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментіне ұсынсын.
3. Жоспардың орындалуы туралы ақпарат пен есепті дайындау барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 7 бұйрығымен бекітілген Операциялық жоспарды әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және іске асырылуын бақылау қағидалары басшылыққа алынсын.
4. Министрліктің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) тоқсан сайын мониторинг жүргізсін және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін Жоспардың іске асырылуы туралы есепті Министрліктің аппарат басшысына ұсынсын;
2) осы бұйрықты қол қойылғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Министрліктің интернет-ресурсына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | Т. Әбілмәжінов |
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігінің
аппарат басшысының
2025 жылғы 7 наурыздағы
№ 37 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылға арналған
операциялық жоспары