Введите номер документа
Прайс-лист

«Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 68 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 14 февраля 2017
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 апреля 2018

Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 68 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 183 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-2-бабының 4-тармағына және 346-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары бекітілсін.

2. «Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2080 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 58, 505-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 14 ақпандағы

№ 68 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндеттемені заттай нысанда орындау

ҚАҒИДАЛАРЫ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар):

1) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі;

2) роялти;

3) экспортқа рента салығы;

4) пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемдерін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ өткізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) агент - мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өткізуді жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлға;

2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбалар (бұдан әрі - пайдалы қазбалар) - жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда беретін мұнай, күкірт;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами