«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 46/НҚ бұйрығы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телкоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығының («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 24 қаңтарда жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 445 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 360 бұйрығының («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2018 жылғы 22 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті: