Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 497-п бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы су көлік құралдарының заттай нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары;