«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 8/4 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 10/5 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 8/4 «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7666-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Елеусизов |
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 10/5 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8/4
шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер