«2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда қаласының бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 239-34/1 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 223-32/1 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 75 076 635,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 15 469 683,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 503 633,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 9 402 016,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 49 701 303,0 мың теңге;
2) шығындар - 73 084 197,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - -916 165,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 275 240,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 191 405,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 192,7 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 192,7 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 2 908 411,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - -2 908 411,3 мың теңге;
қарыздар түсімі - 275 240,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 084 352,5 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 6 900 701,2 мың теңге.».
Мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жергілікті атқарушы органының резерві 109 657,4 мың теңге сомасында бекітілсін.».
2. Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2025 жылғы 26 ақпандағы
№ 239-34/1 шешіміне қосымша