«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ведомстволық бюджет комиссиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 91 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ведомстволық бюджет комиссиясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 43 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ведомстволық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаттары жоспарлы кезеңге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - ҚР АШМ) даму жоспарының жобасын, бюджеттік бағдарламаларын және бюджеттік өтінімдерін уақтылы және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету және ҚР АШМ бюджетін қалыптастыру және нақтылау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.»;
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік органның даму жоспарының жобасы немесе даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;