Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 Қаулысы
(2018.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 19 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 23 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.28.01. № 23 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату қағидалары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті:
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктердің тарату комиссияларына жіберсін.
5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Мәдениет, ақпарат және
спорт министрлігінің