Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 12 ақпандағы № 39 Қаулысы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 18 наурыздағы № 56 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 3 тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5475 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 18 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ» деген қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;