«2025 жылға пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 302 Қаулысы
Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2025 жылға пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі мен субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 209365 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің м. а. | Ә. Жақанбаев |
Жетісу облысы әкімдігінің
2025 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 302 қаулысына қосымша
2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары
| № р/с. | Пестицидтің түрі | Топ | Өлшем бірлігі (литр, килограмм, грамм, дана) | 1 литр (килограмм, грамм, дана) пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофаг тарға) арналған субсидиялар нормасы теңге |
| 1 | ВОСТОРГ,к.с. | 140 г/л клотианидин + 100 г/л лямбда-цигалотрин | литр | 5 438 |
| 2 | ЭЛЬФ, эмульсия концентраты | 2 - клопиралид этилхексил эфирі, 500 грамм/литр | литр | 12 908 |
| 3 | ЭЛАНТ ПРЕМИУМ, эмульсия концентраты | 2,4 - Д күрделі 2-этилгексил эфир түріндегі қышқылдар, 420 грамм/литр + 2 - дикамба қышқылының этилгексил эфирі, 60 грамм/литр | литр | 2 550 |
| 4 | ДИСКАТОР ФОРТЕ, эмульсия концентраты | 2,4 - Д күрделі эфир түріндегі қышқыл, 410 грамм/литр + флорасулам, 5 грамм/литр + флуроксипир 50 грамм/литр | литр | 3 069 |
| 5 | ПРОГРЕСС УЛЬТРА, эмульсия концентраты | 2,4 - Д күрделі эфир түріндегі қышқыл, 510 грамм/литр + флуроксипир, 90 грамм/литр | литр | 2 946 |
| 6 | ФЕНОМЕН, суспензия эмульсиясы | 2,4 - Д күрделі 2-этилгексил эфир түріндегі қышқылдар, 350 грамм/литр + флорасулам, 7,4 грамм/литр | литр | 2 679 |