«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 707 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.
АЭА аумағы 905 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 707 қаулысына
1-қосымша
«Jibek Joly» арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары
