2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI шешімі
(2021.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер - 865 117 512 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер - 26 238 644 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 713 405 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 606 мың теңге;
трансферттер түсiмi - 838 141 857 мың теңге;
2) шығындар - 887 832 241 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - - 6 789 240 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 17 744 296 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 24 533 536 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 233 036 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 233 036 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 16 158 525 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 16 158 525 мың теңге.
Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз;