ҚР СТ ИСО 7211.5-2010
Тоқыма материалдары
Маталар. Құрылымы
Талдау әдістері
5-тарау
Матадан алынған жіптің сызықты тығыздығын анықтау
ISO 7211.5-1984 Textiles. Woven fabrics. Construction. Methods of analysis.
Part 5: Determination of linear density of yarn removed fron fabric, (IDT)
Мазмұны
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Сынақтарды жүргізу ұстанымдары
4. Аппаратура
5. Сынақ үшін қажетті климаттық жағдайларды жасау
6. Сынақ үшін үлгілер
2 Тарау. Талшықты емес заттарды алусыз матадан алынған жіптің сызықтық қалыңдығын анықтау
7. Рәсім
3 Тарау. Талшықты емес қоспалардан алғаннан кейінгі матадан алынған жіптің сызықтық қалыңдығын анықтау
8. Рәсім
4 Тарау. Нәтижелерді есептеу және көрсету, және сынақтар туралы есеп
9. Нәтижелерді есептеу және көрсету
10. Сынақтар туралы есеп
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт матадан алынған жіптің сызықтық тығыздығын анықтау әдісін белгілейді.
Осы стандарт сызықтық тығыздығы қалыпты біртекті матаға және матадан жіпті алу әдістеріне таратылады, сондай-ақ барлық жіптердің массасын анықтау әдістерін және түзету кездері анықталған болуы қажет талшықтың ұзындығын, жіптердің санын көрсетеді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай нормативтік сілтемелік құжаттар қажет:
ҚР СТ 1.9-2007 Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттерінің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарын, басқа да стандарттау бойынша нормативтік құжаттарын қолдану тәртібі.
ИСО 139* Тоқыма. Сынау және модификациялау үшін стандарттық атмосфералар.
ИСО/TR 5090* Тоқыма. Талшық қоспасына сандық анализ жүргізу алдындағы талшық емес заттарды жою әдістері.
ИСО 6741.4* Тоқыма. Талшық және иірілген жіп. Партияның сауда массасын анықтау. 4-тарау: Кондициялық ылғалдылығы мен коммерциялық рұқсаттарды есептеу үшін қолданылатын мөлшерлер.1
ИСО 7211.3* Тоқыма материалдары. Маталар. Құрылымы. Талдау әдістері. 3 Бөлім: Матадағы жіптің иірілуін анықтау.
____________________
1 Қазіргі уақытта Техникалық есеп жобасында
*СТ РК 1.9 сәйкес қолданылады