Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылының оңтүстігінде орналасқан сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Нарын өзенінің (оң жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 166 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылының оңтүстігінде орналасқан сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Нарын өзенінің (оң жағалау) су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылының оңтүстігінде орналасқан сұралып отырған жер учаскесі тұстамасындағы Нарын өзенінің (оң жағалау) су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.