«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 15 шілдедегі № 347 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакциядағы 216) тармақшамен толықтырылсын:
«216) осы бұйрыққа 216-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімі туралы ереже бекітілсін.»;
аталған бұйрық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 216-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әділет органдарында көрсетілген Ережені тіркеу бойынша шаралар қабылдасын;
2) жеке құрамның көрсетілген Ережені зерделеуін ұйымдастырсын және оларды практикалық қызметте басшылыққа алуды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;