Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 285-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы | Ж. Шарабасов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 285-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: