Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қарағанды қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 32/01 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 33/08 «Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген);
2) Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 26/01 «Қазақстан Республикасының Президентін, Парламент Мәжілісі және Сенат, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды анықтау туралы» Қарағанды қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы № 33/08 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 болып тіркелген).
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды қаласының әкімі | М. Кожухов |
Қарағанды қалалық
сайлау комиссиясы
«КЕЛIСIЛДI»
Қарағанды қаласының әкімдігінің
2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 32/01 қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
| № | Аудан атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға үшін орындар |