Осы редакция 2018 жылғы 18 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
1-қосымша
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
күндізгі оқу нысанына - 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;
сырттай (кешкі) оқу нысанына - 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.
Мемлекеттік қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.