Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 292-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2024 жылғы 10 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кеңестің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 292-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық
кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі (келісім бойынша);