Егіндікөл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 «Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 8C27-2 шешімі
Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С55-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8288 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2, 3 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | К. Шинтемиров |
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2025 жылғы 27 ақпандағы
№ 8C27-2 шешіміне
1-қосымша
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 6С55-3 шешіміне
1-қосымша
Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
1. Егіндікөл ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:
1) орталық алаң, Егіндікөл ауылы, Победы көшесі, 6;
2) орталық саябақ, Егіндікөл ауылы, Победы көшесі, 11;