Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 40 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2020 жылғы 10 наурыздағы
№ 40 қаулысына қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының
тізбесі
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 218 «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2809 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 шілдедегі № 232 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2816 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықық жүйесінде жарияланған).