Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 78 шешімі
(2025.18.06. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2025.05.06. № 280 шешімімен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 18 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алға аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алға аудандық мәслихатының төрағасы | М. Тулеуов |
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2025.05.06. № 280 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 18 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Алға аудандық мәслихатының
2023 жылғы 16 қарашадағы
№ 78 шешімімен бекітілген
Алға ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау
Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер