Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 173 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 1 қарашадағы № 1142 бірлескен бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 17 және ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 222 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 199-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі | Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
2023 жылғы 1 қарашадағы
№ 1142 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 қазандағы
№ 173 Бұйрықпен бекітілген
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу
қағидалары