Атырау облысының мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 81 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26, 27, 65-баптарына және Атырау облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 23 ақпандағы № 123-VIІ «Атырау облысының басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы):
1) «Атырау облысы индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Индустриалдық - инновациялық даму басқармасы);
2) «Атырау облысы Кәсіпкерлік және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Кәсіпкерлік және туризм басқармасы) болып қайта құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы туралы ереже;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Кәсіпкерлік және туризм басқармасы туралы ереже бекітілсін.
3. Келесі құрылымдар бекітілсін:
1) Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы:
басшы;
басшының орынбасары;
қаржы жөніндегі бас маман;
өнеркәсіпті дамыту бөлімі;
индустриалдық-инновациялық даму бөлімі;
жергілікті қамтуды дамыту бөлімі;
цифрландыру бөлімі;
сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі;
2) Кәсіпкерлік және туризм басқармасы:
басшы;
басшының орынбасары;
қаржы жөніндегі бас маман;
кәсіпкерлікті қолдау бөлімі;
туризмді дамыту бөлімі;
сауданы дамыту бөлімі;
азық-түлік бағасының мониторингі бөлімі.
4. Мыналар:
1) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Кәсіпкерлік және туризм басқармасы арасындағы бөлу балансы;