Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 21-2 шешімі
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7614-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының төрағасы | А. Рахметова |
Солтүстік Қазақстан
облысы Мағжан Жұмабаев
ауданы мәслихатының
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 21-2 шешіміне
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
мәслихаты2023жылғы 24 қазандағы
№ 7-3 шешімімен бекітілді
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер