Курчатов қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/84-VIІ «Курчатов қаласының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 15/109-VII шешімі
Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласының 2022 - 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 12/84-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26257 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Курчатов қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 1 669 014,0 мың теңге:
салықтық түсімдер - 1 493 266,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 18 306,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 313,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 152 129,0 мың теңге;
2) шығындар - 1 691 226,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 22 212,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 22 212,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 37 598,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 59 810,6 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 40 667,0 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Тажиев |
Курчатов қалалық мәслихатының
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 15/109-VII шешіміне
қосымша