Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 174 Қаулысы
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі № 110 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 06-08/47 ұсынысы негізінде Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер аумағында жатаған у кекіре бойынша карантин режимін енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жатаған у кекіре ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша шұғыл шаралар жүргізу жөніндегі іс- шаралар бекітілсін.
3. Белгіленген карантинді аймақтар жойылып және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 196 «Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6175 тіркелген, 2019 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
5. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.