Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ «G4 CITY» АРНАЙЫ ...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 26 декабря 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 26 декабря 2023

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «G4 City» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 және «Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 1187 Қаулысы

 

Осы редакция 2026 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «G4 City» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 211 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Alatau» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2048 жылға дейінгі кезеңге «Alatau» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «Alatau» АЭА) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Alatau» АЭА туралы ереже;

2) «Alatau» АЭА нысаналы индикаторлары бекітілсін».»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «G4 City» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «G4 City» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторларында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Alatau» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары»;

2) «Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 1087 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысының Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Заречный ауылында «Alatau» арнайы экономикалық аймағы құрылды, оның құрамына ауданы 1300 га «Арна» өнеркәсіптік аймағының аумағы кірді, онда машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы және тамақ өнеркәсібі салаларында жоғары технологиялы жобалар іске асырылатын болады.»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами