«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 61/қе бұйрығы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлкеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы алуға құқығы бар азаматтық қызметшілері мен қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13818 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде тұрақты жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.