«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери құралымдарын, бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 10 ақпандағы № 13/қе бұйрығы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 31/қе бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери құралымдарын, бөлімдерін, мекемелерін және әскери оқу орындарын, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12274 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Шекара академиясын, Авиация қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: