Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Шекара академиясын, Авиация қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 83 бұйрығы
(2021.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 31/қе бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021.10.02. № 13/қе бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021.10.02. № 13/қе бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (одан әрі - ҰҚК) Шекара қызметін, Шекара академиясын, Авиация қызметін, әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарын жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. ҰҚК Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | Н. Әбіқаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б.Сұлтанов
2015 жылғы «____» __________
№ ___ дана
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021.10.02. № 13/қе бұйрығымен заттай нормалары өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы