Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 Қаулысы
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСД-ның № 26 қаулысы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1) ҚР БМСД-ның № 26 қаулысының 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа тармақшалармен толықтырылсын:
«24) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) келісу бойынша әуежайлар 2021 жылғы 14 - 21 маусым аралығында;
25) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Атамекен» ҰКП (келісім бойынша) келісу бойынша теміржол вокзалдары 2021 жылғы 14 - 25 маусым аралығында.»;
2) ҚР БМСД-ның № 26 қаулысына 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) ҚР БМСД-ның № 26 қаулысына 4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Е. Қиясов |
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 27 қаулысына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 26 қаулысына
2-қосымша
«Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау
алгоритмі
1. «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектісі келушілердің мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді.
2. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі бар скриншот) ұсына отырып, мобильді байланыс, электрондық пошта, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдер арқылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі - СЭБК АД) факті туралы хабарлайды/хабарлама береді.
3. Жобаға қатысатын объектілерге келушілерді жіберу келушінің мәртебесін айқындау үшін келуші арнайы QR-кодты сканерлеп, объектіге кіреберісте көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады:
- «жасыл» мәртебе: «қауіпсіз» - келуші деректер базасында COVID-19-ға теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен ретінде көрсетілген, жүріп-тұруға шектеу жоқ;
- «көк» мәртебе: «бейтарап» - ПТР тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде саналмайды, ПТР-тестілеу нәтижелерінің болуы міндетті болып табылатын жерлерден басқа жерлерде жүріп-тұруға шектеу жоқ;
- «сары» мәртебе: «байланыста болған» - деректер базасында COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген, жүріп-тұруға шектеу болжанады;
- «қызыл» мәртебе: «инфекция жұқтырған» - базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U 07.2 коды мәртебесі бар пациенттер, жүріп-тұруды шектеу, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулану режимін қатаң сақтау болжанады.
4. Келушіде смартфон болмаған жағдайда кәсіпкерлік объектісінің қызметкері келушінің келісімімен оның мәртебесін ЖСН бойынша тексереді.
5. Жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер жіберілмейді.
6. «Ashyq» жобасына қатысушылар «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген алгоритмдердің және осы қаулының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
7. СЭБК АД-ы амбулаториялық-емханалық көмек ұйымымен бірлесіп кәсіпкерлік субъектісінен және/немесе Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен(бұдан әрі - ЦДИАӨМ) ақпарат алғаннан кейін оқшаулауға жататын жеке тұлғаның тұратын (болатын) жерін анықтайды.
8. СЭБК АД-ы «қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын оқшаулау режимін бұзуы бөлігінде бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылады.
9. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 102-бабының 3-тармағына және 104-бабы 7-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес «сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты беру фактісі тіркеле отырып, оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.
10. «Ashyq» жобасына қатысушылардың шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда іс-шараларды Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритміне сәйкес мониторингтік топтар жүзеге асырады.
11. «Сары» мәртебесі бар (немесе байланыста болған) адамдар COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап күнтізбелік 14 күн өткен соң «көк» мәртебеге ауыстырылады.
12. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің теріс нәтижелері бар байланыста болған адамдарда COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 14 күн өткенге дейін «сары» мәртебесі сақталады.
13. COVID-19-ға ПТР-тестілеудің теріс нәтижелері бар адамдарда «қызыл/сары» мәртебе оң нәтиже алған күннен бастап немесе COVID-19-ға оң нәтижесі бар адаммен байланыста болған күннен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады.
14. Базада COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесімен тіркелген, «инфекция жұқтырған» - U 07.2 коды мәртебесі бар пациенттер «қызыл» мәртебе COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі алынған сәттен бастап 14 күн өткенге дейін сақталады. 14 күн өткеннен кейін бұл адамдар сауығуы туралы құжаты бар болған кезде «жасыл» мәртебесіне ауыстырылады, ол осы уақыт кезеңінде COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуға қарамастан сауыққаннан кейін 90 тәулік бойы сақталады.
15. Келушілердің мәртебесіне қатысты даулы жағдайлар туындаған кезде 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
16. СЭБК АД-ның бұйрығымен кәсіпкерлік объектілерімен және «Ashyq» жобасымен жедел өзара іс-қимылды үйлестіруге және қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар тағайындалады.»
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 11 маусымдағы
№ 27 қаулысына
2-қосымша
«Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 26 қаулысына
4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу
өлшемшарттары
| № | Объектілер/салалар | Қызыл аймақ | Сары аймақ | Жасыл аймақ |
| 1. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | ✔ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
| Жазғы алаңдар | ✔ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | + |
| Фуд-корттар | ✔ толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
| Банкет залдары** (ас беруді өткізу үшін) | ✔ бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 70 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 50%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
| Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) | ✔ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
| 2. | Сауналар | + | + | + |
| 3. | СПА-орталықтар | + | + | + |
| 4. | Бассейндер | + | + | + |
| 5. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда | + | + | + |
| 6. | Мәдениет объектілері (дайындық) | ✔ 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар | ✔ 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар | ✔ 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
| 7. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * | ✔ 30%-дан асырмай толтыру | ✔ 40%-дан асырмай толтыру | ✔ 50%-дан асырмай толтыру |
| 8. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | ✔ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде | ✔ 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде | + |
| 9. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | ✔ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде | ✔ 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде | + |
| 10. | Бильярд | ✔ сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде | ✔ сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50% - дан артық емес толтырылған кезде | ✔ 50%-дан асырмай толтыру |
| 11. | Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | ✔ сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі | ✔ сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі | ✔ 60%-дан асырмай толтыру |
| 12. | Боулинг | ✔ сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде | ✔ сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде | ✔ 50%-дан асырмай толтыру |
| 13. с | Караоке | ✔ 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✔ 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
| 14. | Океанариум | ✔ Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) | ✔ Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) | ✔ Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) |
| 15. | Көрмелер | ✔ бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде | ✔ бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде | ✔ бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде |
| 16. | Марафондар (ашық ауада) | ✔ 30 адамнан артық емес | ✔ 50 адамнан артық емес | ✔ 100 адамнан артық емес |
| 17. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар | ✔ 20%-дан артық емес толтырылған кезде | ✔ 30%-дан артық емес толтырылған кезде | ✔ 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
| 18. | Ерікті қатысушылар (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, офистер және басқалар) | жеңілдіксіз | жеңілдіксіз | жеңілдіксіз |
| 19. | Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары | ✔ бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✔ бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✔ бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
| 20. | Алаңы 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ✔ бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✔ бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✔ бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 57 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
| Алаңы 1000 ш.м-ден жоғары болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | ✔ бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✔ бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | ✔ бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
| 21. | Цирктер | ✔ 30%-дан артық емес толтырылған кезде | ✔ 40%-дан артық емес толтырылған кезде | ✔ 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
| 22. | Отельдер, қонақ үйлер | + | + | + |
| 23. | Әуежайлар | + | + | + |
| 24. | ХҚО-лар | + | + | + |
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«✔ « - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.