«2025-2027 жылдарға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №234-33/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 336-46/14 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2025-2027 жылдарға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 234-33/6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 212 472,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 12 762,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 196 710,5 мың теңге;
2) шығындар - 220 839,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо -0, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -8 366,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 8 366,9 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 8 366,9 мың теңге.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Құттықожаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 336-46/14 шешіміне
қосымша
Қызылорда қалалық мәслихатының
2024 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 234-33/6 шешіміне
1-қосымша
2025 жылға арналған Қарауылтөбе ауылдық округінің бюджеті
| Санаты | Сомасы, мың теңге |
| | Сыныбы |
| | | Кіші сыныбы |
| | | | Атауы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | | | 1. Кірістер | 212 472,5 |
| 1 | | | Салықтық түсiмдер | 12 762,0 |